bilig — Түрік дүниесі әлеуметтік ғылымдар журналының импакт-фактор дәрежесі көтерілді

1996 жылдан бері Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес басқармасы тарапынан шығарылып келе жатқан bilig Түрік дүниесі әлеуметтік ғылымдар журналы SSCI — Social Sciences Citation Index (Web of Science) және SCOPUS (Elsevier Bibliographic Databases) сияқты көптеген халықаралық деректер қорында индекстеледі. Түркиядағы әлеуметтік ғылымдар саласында SSCI Халықаралық деректер қорында индекстелетін аз ғана журналдың бірі болып табылатын bilig журналы, 2008 жылдан бастап SSCI Халықаралық деректер қорының салалық зерттеулер (Area Studies) бөлімінде индекстеледі.
Журналымызда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелер бойынша есептелетін импакт-фактор дәрежесі 2017 жылы 0,087 болса, 2018 жылы 0,132-ге көтерілді. Бұл журналымыздың импакт-фактор дәрежесінің 52%-ге өскендігін көрсетіп тұр.

2019 жылғы Journal Citation Reports мәліметтері бойынша журналдың импакт-фактор дәрежесінің көтерілуінде сабақтастық, яғни үздіксіздік бар екендігі айтылды.
bilig журналының SCOPUS халықаралық деректер қорындағы CiteScore мәні 2018 жылы 0,14 болды. bilig ғылыми журналы Arts and Humanities: General Arts and Humanities (өнер және гуманитарлық ғылымдар: жалпы өнер және гуманитарлық ғылымдар) саласы бойынша процентилі – 54%

 

 

Web of Science платформасы жариялаған бұл графикаға сәйкес журналымызда жарияланған мақалаларға жасалған сілтемелер де жыл сайын артып келеді.
2008 жылдан бері SSCI халықаралық деректер қорында bilig журналында жарияланған 600 ғылыми мақала индекстелген және журналымыздың h-индексі 6-ға жеткен.

bilig -Түрік дүниесі әлеуметтік ғылымдар журналы SSCI және SCOPUS халықаралық деректер қорынан басқа да төмендегі халықаралық деректер қорында индекстеледі.
• Social Scisearch (Web of Science)
• Journal Citation Reports/Social Sciences Edition (Web of Science)
• MLA (Modern Language Association) International Bibliography, New York/USA
• CSA (Cambridge Scientific Abstracts) (Sociological Abstracts Worldwide Political Science Abstracts — Linguistics and Language Behavior Abstracts), Cambridge/ USA
• IBSS (International Bibliography of the Social Sciences), London/England
• Академиялық зерттеулер индексі (Akademik Araştırmalar İndeksі) (acarindex.com)
• SOBİAD сілтеме анықтамалығы
• TUBİTAK / ULAKBİM TR анықтамалығы