«Парасаттылық» эстафетасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті онлайн-байланыс арқылы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, күресу, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында құрылған «Парасат» орталығының жұмыстарын баяндады.

Бүгінгі таңда, оқу орнымызда «Парасат» орталығының бастамасымен «Сенім жәшіктері», «Таза сессия», «Ситуациялық кабинет», «Адалдық алаңы» жұмыс жасайды. Бұл жобалардың басты мақсаты-оқу ордамызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Оның құрамына «Әділет» студенттер клубы және «Ізгілік елшілері» еріктілер тобы кіреді. Алдағы уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар күшейтілмек.

Университетіміздің «Рухани жаңғыру» және тәрбие департаментінің директоры Ләззат Сәрсенбекқызы Динашева «Парасат» орталығы студенттер мен оқытушы-профессор құрамы, қызметкерлері арасында сенім мен адалдыққа бастайтын ұстанымдарға назар аударатындығын атап өтті. Парасаттылыққа бет бұрған оқу орны ретінде жолдаған «Парасаттылық» эстафетасын зор ықыласпен қабыл алатындығын жеткізді.

Онлайн-байланыс арқылы өткен басқосу соңында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Парасаттылық» эстафетасын ресми түрде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне жолдады.

Ақпарат орталығы