Электронды кітапханадағы ресурс толықты

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты университетіміздің оқу процесі қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Университетіміздің оқытушылары мен студенттері http://library.ayu.edu.kz веб-сайтындағы оқу процесіне қажетті pdf форматтағы электронды оқулықтарды қашықтықтан пайдалануына толық мүмкіндік жасалған. Қазіргі таңда, оқу  орнымыздың ақпараттық-ресурстық орталығы  ұстаздарымыз бен студенттерімізге, магистранттар мен докторанттарымыздың қашықтықтан білім алуына жағдай жасау мақсатында 20-Сәуірге дейін Grebennikon және IPRbooks электронды кітапхана жүйесін тегін пайдалануға мүмкіндік алды. Ал, Rmeb электронды кітапханасын  http://rmebrk.kz/social/login  жыл бойы тегін пайдалануға болады.  Ұстаздар мен ізденушілер Rmeb базасына  әлеуметтік желі аркылы кіре алады. IPRbooks-кітаптары  білім беру мекемесінде енгізілген оқыту бағыттары бойынша лицензияланған ғылыми әдебиеттер, журналдар, аудио басылымдар, бейне курстар, онлайн  тесттерін біріктіретін бірегей ресурс. Оған www.iprbookshop.ru сілтемесі арқылы кіреді. Барлық сала бойынша оқулықтарды төмендегі логин-iktu.kz_stat пароль — mLeASvCb бойынша қажетті  әдебиеттерді оқи алады. Бұл электронды кітапханаларды пайдалану үшін толық мәлімет http://lib.ayu.edu.kz/ сайтында көрсетілген.

Ақпарат орталығы