Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

       Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23-бабының F – тармағы  негізінде қосымшада көрсетілген техникалық сипаттамаға сәйкес университет қалашығының сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күзет қызметін сатып алу.

Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісім шартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші күзет қызметін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін көрсетуге тиісті.

        Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын күзет қызметі саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Әлеуетті өнім берушінің аталған қызмет түрімен айналысуға лицензияның болуы;
  5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса көрсетілетін қызмет бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
  6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы соммасының кем дегенде 5 -пайызы (%) мөлшерінде  мына есеп шотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат.

Сатып алынатын қызмет түріне қажетті құжатар мен келісім шарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.

       Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 30.03.2020 (15:00)

Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан 20.03.2020 жылдан бастап 30.03.2020 жыл ішінде сағат 10:00-ге дейін, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.