Құрметті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары!

2020 жылғы 26 наурызда, сағат 16:00-де университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов өзінің фейсбуктағы жеке парақшасы және youtube каналы арқылы тікелей эфирде оқу ордасының білім алушыларымен университеттегі қашықтан оқыту жүйесіне қатысты сұқбат жүргізеді. Сұқбат барысында ректор аталған жүйеге қатысты өзгерістер мен ережелер туралы түсіндірме жүргізеді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтеді.
Қ. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері, Сіздерді тікелей эфирге қатысуға шақырамыз!