Ректор студенттермен онлайн сұқбат жүргізді

2020 жылғы 26 наурызда сағат 16:00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов өзінің әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары www.facebook, www.Instagram және www.youtube каналы арқылы тікелей эфирде оқу ордасының білім алушыларымен университеттегі қашықтан оқыту жүйесіне қатысты сұқбат жүргізген болатын. Онлайн жүйесіндегі кездесудің негізгі мақсаты — білім алушыларды толғандырған мәселелерді білу, олардың жағдайларынан толық хабардар болып отыру. Сұқбат барысында ректор қашықтықтан оқыту жүйесіндегі өзгерістер мен ережелер туралы түсіндірді. Білім алушыларға қазіргі таңдағы ең басты мәселе — төтенше жағдайға байланысты ережелерді сақтауға шақырды.
Сондай-ақ, сұқбат барысында елдеріне, ауылдарына кетпей университет жатақханаларында қалған шетелдік 369 студентке қашықтан оқу жүйесіне қажетті жағдай жасалып, олардың қауіпсіздігі бойынша медициналық сақтық шараларымен толықтай қамтылғандығы айтылды. Студенттердің індетті жұқтыру қаупін тудырмау мақсатында жатақханадан шықпайтындығын ескертті. Студенттердің сұрақтарының басым бөлігі қазіргі төтенше жағдай кезінде оқу процесінде болып жатқан жаңалықтар жайында болды.

Ақпарат орталығы