Халықаралық ЖОО қашықтан қалай оқып жатыр?

«Егемен Қазақстан» газетінің 3 сәуір күнгі санында журналист Айдана Шотбайқызының «Халықаралық ЖОО қашықтықтан қалай оқытып жатыр?» деген мақаласы жарияланды.
Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты қашықтан жұмыс істеуге көптеген мекемелер көшті. Қашықтан жұмысты қолайсыз санайтындардың да саны жеткілікті. Әсіресе мектеп оқушыларының бұл жүйеге өтуі мен оқушылардың жұмыс істеуі қиындық тудыруда.
Ал жоғары оқу орындарына қатысты бұл сұраққа университетіміздің ректоры: «Университетіміз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының елімізде төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына байланысты оқу процесін толығымен қашықтан оқыту режіміне ауыстыруды өз уақытында әрі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұған Университетімізде соңғы 5 жылдан бері сәтті жұмыс жасайтын, әрі магистратура бағдарламасы бойынша толық аппробациядан өткен КазТЕП (Қазақ тілінде қашықтықтан білім беру) қашықтан оқыту жүйесі себеп болды», – дейді.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыздар.
https://egemen.kz/article/227502-khalyqaralyq-zhoo-qashyqtan-qalay-oqyp-dgatyr