Ғылыми онлайн-семинар өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ғылымды дамытудың басым бағыттары және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған 2 конкурс жариялаған болатын. Осыған байланысты оқу орнымыздың Ғылымды коммерцияландыру департаменті конкурсқа қажетті құжаттамалар мен шарттарын түсіндіру жұмыстарын арнайы онлайн-семинарлар арқылы факультеттерге жеке-жеке ұйымдастыруда. Университет ғалымдарының осы конкурсқа қатысу белсенділігін арттыру мақсатында онлайн-семинарларды Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы филос.ғ.к., профессор А.Балтабаева жүргізуде. Семинарларды өткізудің мақсаты – конкурсқа құжаттарды тапсыру барысында кездесетін кейбір түсінбеушіліктер мен техникалық қателіктердің орын алмауын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Конкурстық құжаттама университет сайтында ҚР БҒМ сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu) және Ғылым комитеті сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған. Қонкурсқа өтінімдер 2020 жылдың 11 мамыр мен 26 маусым аралығында қабылданады. Онлайн-семинар барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толық мәліметтер алады. Конкурстық құжаттама бойынша кез-келген сұрақтар бойынша университет сайтында орналасқан анықтама телефондары арқылы Ғылымды коммерцияландыру департаментінің мамандарынан толық ақпарат алуға болады.

Ақпарат орталығы