«Парасатты студент — адал сессия» атты онлайн-кездесу

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі «Парасатты студент-адал сессия» атты онлайн-кездесу өткізді.
Жиынның мақсаты — Қазақстан Республикасы халқының, білімгерлердің қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының жемқорлыққа қарсы біріктіруші әлеуетін сіңіруге арналған жүйе жасау. Оларды жетілдіру негіздерінің бірі – парасатты студенттердің адал сессия өткізіп, терең білім мен адалдыққа жауапкершілікті мінездерінің біріктіруші бастамасын ашу. Кездесуге Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі өкілі Н.Абуова, университетіміздің оқу істері жөніндегі вице-президенті Ө.Үмбетов, ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-президенті К.Беркімбаев, «Рухани жаңғыру» және тәрбие департаментінің директоры Л.Динашева, академиялық істер жөніндегі департамент директоры Т.Ниязов, «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Ә.Толысбаева, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А. Балтабаева және студенттер қатысты.Онлайн-кездесуде оқу орнымыздың Әлеуметтік қолдау және тәрбие істері жөніндегі вице-президенті Әміреқұл Абуов модераторлық етті. Кездесу барысында адалдық ұғымының мәні мен емтихан барысында академиялық адалдық қағидаларын қамтамасыз ету және қашықтықтан емтихан өткізуді ұйымдастыру барысында әдеп іс-қылық нормаларын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, студенттердің дипломдық жұмыстарын жазу кезіндегі антиплагиатқа тексеру бойынша жан-жақты мәліметтер берілді. Университетіміздің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының маманы Ұласбек Арын «Парасаттылық орталығының атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша тікелей эфирде әр аптада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және еліміздегі жағдайларға байланысты студент жастарға онлайн түрде парасаттылыққа, сабырлыққа, адалдыққа шақыру үшін арнайы лекциялар оқып, түсіндірме жұмыстары жүріп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, оқу ордамыздың ұстаздарымен студенттерінің онлайн түрде өтіп жатқан сабаққа қатысуын қадағалап, оқу материалдардың жүктелгендігіне де бақылау жүргізілгендігін жеткізді. Онлайн-кездесу адалдық, жемқорлық әрекеттерге қарсы адамгершілік негіздері мен құндылықтар насихатталды. Онлайн-кездесуге қатысқан студенттер өз сұрақтарын жолдап, пікір білдірді.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×