4 білім беру бағдарламасы алғашқы үштіктегі орынды иеленді

«Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесі (НААР) ұйымдастырған 2020 жылғы рейтинг нәтижелері жарияланды. Отандық бұл рейтингке оқу ордамыздан 19 білім беру бағдарламалары қатысқан болатын. Қазақстанның жоғарғы білім беру ұйымдары арасынан Ахмет Ясауи университеті рейтингі былтырғы 11-орын көрсеткішінен биыл 9-орынға жоғарылады.
Бұл рейтингте университетіміздің 4 білім беру бағдарламасы алғашқы үштіктегі орынды иеленді:
1. 5В010900 — Математика 1-орын
2. 5В010400 — Алғашқы әскери дайындық 2-орын
3. 5В020600 — Дінтану 2-орын
4. 5В130100 — Жалпы медицина 3-орын.

Стратегиялық жоспарлау, рейтинг және сапа орталығы