Жаңа форматтағы көктемгі сессия басталды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 2019-2020 оқу жылындағы көктемгі сессияны қашықтықтан білім беру технологияларын пайдаланып, білім алушылардың үлгерімін аралық және қорытынды аттестаттауды онлайн режимінде ұйымдастырды. Көктемгі сессия 18.05.2020ж – 27.06.2020 ж. мерзімі аралығында өтеді.
Биылғы жаңа форматтағы емтихандардың өткізілуі жөнінде университетіміздің оқу істері жөніндегі вице-президенті Ө.Үмбетов емтихан кестесін дайындау кезінде шет ел мен Қазақстанның сағат өлшемінің айырмашылықтары ескерілгендігін және студенттердің қашықтықтан оқыту кезінде пайдаланып жатқан және емтихан кезінде пайдаланатын интернет мүмкіндіктеріне талдау жасалғандығын атап өтті. Дене шынықтыру пәнінен емтиханды қашықтықтан онлайн форматта өткізу мүмкін болмауына байланысты, емтихан қол жеткізілген жетістіктердің жиынтық бағалаумен алмастырылған.
Академиялық істер жөніндегі департамент директоры Т.Ниязов университет бойынша барлық емтихандарға бейне жазба жүргізу және емтиханға прокторинг жасайтын арнайы жұмыс тобы ұйымдастырылғандығын және студенттер мен профессор-оқытушылар үшін Call-centre жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. Онлайн емтихандар  moodle (dot.ayu.edu.kz) платформасында (Zoom және т.б.) және Zoom, Webex Meetings, Microsoft Teams қосымшалары арқылы өтіп жатыр. Университеттегі «Парасаттылық орталығы мен арнайы бекітілген мамандар онлайн емтиханның өту барысын қадағалауда.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×