Түркология институтында онлайн-семинар өтті

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «Ежелгі дәуір әдебиеті мен тілі: Көне түркі жазба ескерткіштері» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды. Семинардың баяндамашысы көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеумен айналысып жүрген ғалым Орынбай Дәндібайұлы Бекжан ежелгі, ортағасыр кезеңіндегі жазба әдеби ескерткіштерді өңдеу және зерттеу мәселелеріне тоқталды. Әсіресе «Орхон жазба ескерткіштері», «Енисей жазба ескерткіштері», «Талас жазба ескерткіштері», «Ырық-Йорчы бітігі», «Қазақстан аймағындағы жазба ескерткіштер» жайында арнайы сөз етті. Жазба ескерткіштердің іштей топтастырып, ғылыми тұрғыда зерттелуі мен бұрынғы жарияланымдарда жіберілген қателіктер жайына да тоқталды.
Көненің көзіндей болған түркі жазба ескерткіштері жайында маңызды ақпар мен зерттеулер семинарға қатысушылардың назарын аударып, түрлі пікірлер айтылып, болжамдар жасалды. Баяндамашы О.Бекжанға бірнеше сұрақтар қойылып, күрделі түркологиялық мәселелер көтерілді. Семинар соңында Түркология институтының директоры, доктор-профессор Б.Шишман ғалым О.Бекжанға семинарға қатысушы тыңдармандар мен ғалымдарға зор алғысы мен ризашылығын білдірді.