Фараби-түркі-ислам өркениетінің ойшылы

Биыл елімізде Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің  1150 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығы мен «Ясауи» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Фараби-түркі-ислам өркениетінің ойшылы» атты Республикалық онлайн-конференциясы өтті. Маңызды жиынның мақсаты — Фараби мұрасының түркілік ортақ негіздерін көпшілікке жеткізу, Фараби шығармашылығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының негізгі бағыттарына арқау екендігін түсіндіру, Фараби шығармашылығының өткені, бүгіні, келешегінің ғылыми негіздерін қайта саралау.

Онлайн-конференцияға университет басшылығы мен  Нұр-Сұлтан, Семей, Шымкент, Екібастұз, Түркістан қалаларының  Фарабидің мұрасына қатысты зерттеулер жүргізген, өзіндік қолтаңбасы бар, Фараби мұрасын жаңаша тұжырымдап жүрген  ғалымдар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті  профессоры, философия ғылымдарының докторы Алтай  Жақып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің  деканы, философия ғылымдарының докторы, профессор, фарабитанушы Палтөре Ықтияр, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі,    философия ғылымдарының докторы,  профессор Айнұр Құрманалиева , Философия, саясаттану және дінтану институтының директор орынбасары, философия ғылымдарының докторы, профессор,    фарабитанушы Нұрмұратов  Серік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры,  философия ғылымдарының докторы Қабылова Айна, Философия, саясаттану және дінтану институтының профессоры, философия ғылымдарының докторы,  фарабитанушы  Сейдахметова  Наталья Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы,  фарабитанушы Самал Төлеубаева қатысты. Республикалық онлайн-конференцияны профессор Досай Кенжетай жүргізді.

Университетіміздің I вице-президенті Женгиз Томар Әл-Фарабидің саясат тақырыбына қатысты шығармалары мен  көзқарастарына жан-жақты тоқталып, IX ғасырда жазылған саясат кітабының тек сол кезеңде ғана емес, қазіргі  XXI ғасырда да мемлекеттердің саяси жүйесінде жол көрсететін шығарма екендігін атап өтті.

Жиын Yassawi TV Youtube каналында 3 сағат тікелей эфирде өтті.  Конференцияда Фараби тұлғасы арқылы түркі-ислам өркениетінің және қазақ халқының тарихы мен заманауи мәдениетінің, құбылыстары мен өмір сүру қалпының бірегейлігіне жаңа синтетикалық көзқарас қалыптастыру бағыттары, шығармаларын аудару мәселелері, жаңа зерттеулерге бағытталған мәселелер мен тұжырымдар талқыланды.

Ақпарат орталығы