Мухиттин Шимшек — Өкілетті Кеңес төрағасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті профессор Мухиттин Шимшекті Түркия Республикасы Президентінің 2020 жылғы 22 мамырдағы  №2020/244 қаулысына сәйкес Өкілетті Кеңес төрағалығына тағайындалуымен құттықтайды.

Профессор, доктор Мухиттин Шимшек 1965 жылы Газиантеп облысы, Низип ауданында туылған. Ол 1985 жылы Мармара университетін бітірген.
1987 жылы Мармара университеті Инженер инструктор мамандығы магистрі, 1988 жылы Стамбул университеті Менеджмент мамандығы бойынша магистратураны бітірген.
1990-1992 жылдары аралығында World Bank гранты бойынша Ұлыбританияда докторантураға түсіп, 1992 жылы PhD дәрежесін алған, 1994 жылы доцент, 1999 жылы профессор атағын иеленді.
1998 жылы Мармара университеті Қолданбалы технология орталығының директоры.
2003-2007 жылдары аралығында Түркия Білімі министрінің кеңесшісі.
2007 жылы Жоғары білім кеңесі бақылау комитетінің мүшесі.
2008 жылы Жоғары білім кеңесі бақылау комитетінің төрағасы.
2008-2012 жылдары аралығында — Жоғары білім кеңесі Жоғары Комиссиясының мүшесі және Басқару комитетінің мүшесі.
2013 жылы – Жоғары білім кеңесі Жоғары Комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды.
2008 жылдан бері Ахмет Ясауи университетінің Өкілетті Кеңес мүшесі. Отбасылы, 2 баласы бар.