«Түркістан және түркология мәселелері» атты онлайн-конференция өтті

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «Түркістан және түркология мәселелері» тақырыбында онлайн-конференция ұйымдастырды. Жиынға ғалымдар мен магистрантар, студентттер қатысты.

Конференцияда баяндама жасаған институт ғылыми қызметкері Р.Есбалаева Түркістанның жергілікті халық арасында сакралды қасиеті туралы білсек те, оның құндылығын дәріптеу, насихаттау мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Конференцияда күні кешеге дейін Оралдан Алтайға, Сібірден Памирге, Иранға дейінгі ұланғайыр аумақтың ортақ атауы болған «Түркістан» сөзі солақай саясаттың кесірінен бір қаланың атауы деңгейінде ескерусіз қалды. Конференцияда бүгінде қасиетті Түркістан Қазақ елі үшін ғана емес, түркі әлемінің ғажайып орталығы болуға бет бұрды. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи, Үкаша ата, Жылаған ата, Домалақ ана кесенелері және т.б. киелі орындардың осында орналасуы шаһардың рухани танымын арттырғандығы айтылды.
Конференцияда баяндама жасаған Р.Есболаева:- Арнайы ізденген адам болмаса бұл орындарға баруға ең қарапайым көліктердің бағыттары да қарастырылмаған. Ол үшін осындағы Түркістанды түлетуді көздеген ғалымдармен бірлесіп жоба жасауды ұсынды. Қалаға келіп жатқан туристер мен қала қонақтарын, әлемнің түкпір-түкпірінен университетімізге келетін ғалымдарға Түркістанның қасиетті орындарын тарихи маңыздылығына орай таныстырушы экскурсовод, гид, тарихшы, мәдениеттанушы, этнограф немесе мұражай қызметкері, т.б. мамандар тартылса, онда қонақтарды күтіп алудан бастап, оларды жайластыру мен аралайтын әулиелі орындардың арнайы бағыты көрсетілген бағдарлама жасалып, оларды шығарып салуға дейінгі жоспар жүзеге асар еді. Бұл өз кезегінде университет ғалымдарының Түркістанға қосқан үлесі болары сөзсіз-деп Түркістанды түлету мақсатындағы бірнеше ұсыныстарымен бөлісті.
Түркістан, Түркология атауын егіз ұғым ретінде қарастырған Р.Есбалаева алдағы уақытта түркологияға қатысты зерттеулердің Түркістанда, Түркология ғылыми-зерттеу институтында жалғасын табуы тың істердің жүзеге асуына жол ашатынын қадап айтты.
Конференция соңы қатысушы ғалымдардың сұрақтары мен ой-пікіріне жалғасты. Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Б.Шишман Түркістанды түлету мен түркология істері бойынша алдағы уақытта да қарастырылатын маңызды істер күтіп тұрғаны туралы ойын білдірсе, Университетіміздің Ғылыми-зерттеу істері жөніндегі вице-президенті, профессор К.Беркімбаев ауқымы кең мәселелерді қозғағаны үшін баяндамашы Р.Есбалаеваға және ой бөліскен ғалымдарға шексіз алғысын білдіріп, институт қызметкерлерінің алдағы істеріне сәттілік тіледі.