«Құтадғу біліктегі мемлекеттік басқару құрылымы» тақырыбындағы онлайн-конференция

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Б.Шишман «Құтадғу біліктегі мемлекеттік басқару құрылымы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Жиынға ғалымдар мен магистрантар, студентттер қатысты. Баяндамашы Б.Шишман жиында «Құтадғу білік» шығармасындағы мемлекеттік басқару құрылымы мәселелерінің көрініс тапқан көзқарастарына жан-жақты тоқталды. Шығармадағы мемлекет басқару жүйесіндегі ақыл мен парасаттылықтың, білімнің көріністеріне мәліметтер келтірді. Конференция соңы қатысушы ғалымдардың сұрақтары мен ой-пікіріне жалғасты. Университетіміздің I вице-президенті Женгиз Томар бүгінгі конференцияда айтылған маңызды мәселелердің жан-жақты талқыланғандығына ризашылығын білдіріп, Түркология ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Ақпарат орталығы