Студенттер онлайн-сауалнамаға қатысты

27-28 мамыр күндері оқу орнымызда жаңа форматта өткізілген ағымдағы сессияны ұйымдастыру мен өткізу, сонымен қатар оқытушылардың білім алушылармен кері байланыс орнату деңгейін бағалау мақсатында студенттерге арналған онлайн-сауалнама жүргізілген болатын. Сауалнамаға 3141 студент қатысқан. Студенттеріміздің 95%-ы университеттің қашықтықтан оқыту жүйесіне жақсы және қанағаттанарлық деген баға берген. Емтихандардың қашықтықтан ұйымдастырылу деңгейі студенттердің 94%-ң көңілінен шыққан. Оқытушыларымыздың төтенше жағдай кезіндегі студенттермен кері байланыс деңгейі мен тілектестігіне студенттердің 98%-ы оң баға берген. Студенттердің 94%-ы емтихан кезінде қойылған бағаларын әділ деп таныған. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан студенттердің 99%-ы аралық бақылау мен емтихандар таза және адал өткенін растаған. Бұл сауалнама қорытындысы соңғы жылдары жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетіп отыр. Студенттеріміздің сауалнамадағы ой-пікірлер онлайн режимде өткен Сенат мәжілісінде талқыланып, оқу процесінің сапасын жақсарту мақсатында нақты шешімдер қабылданды.

Ақпарат орталығы