Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер, студент-жастар!
Cіздерді еліміз үшін маңызды мереке – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Мемлекеттік рәміздер — еліміздің тәуелсіздігінің нышаны, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Біздің санамызға тәуелсіздік идеясын орнықтырып, патриотизмді қалыптастыруда, ұлттық бірлікті нығайтуда ерекше мәнге ие.
Еліміздің рәміздері Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, елдік пен ерлік, батылдыққа тәрбиелейді.
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!
Құрметпен,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Б.С.Абдрасилов