Өкілетті Кеңес төрағасы ұжыммен онлайн кездесті

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ұжымы Өкілетті Кеңес төрағасы профессор Мухиттин Шимшекпен онлайн кездесу өткізді. Университет президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президент Женгиз Томар университет ұжымы атынан профессор Мухиттин Шимшекті Өкілетті Кеңес төрағалығына тағайындалуымен құттықтады.
Б.Абдрасилов университет ұжымына Мухиттин Шимшектің өмірбаянымен таныстырып, Қазақстан мен Түркия екі бауырлас елдің оқу орнын дамыту мақсатындағы атқарылатын жұмыстарына сәттілік тіледі. Кездесу барысында Өкілетті Кеңес төрағасы Мухиттин Шимшек жағдайға байланысты онлайн жүздесіп отырғанына ризашылығын білдіріп, университет ұжымына алғысын білдірді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы облыс орталығы болуына байланысты оқу орнымыздың жауапкершілігі арта түсетіндігін атап өтті. Университет ғалымдарының алдында білім беру мен ғылыми-зерттеулер жұмыстарын дамыту бойынша атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Ақпарат орталығы