Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер! Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзаттың өмірі мен денсаулығын сақтауда медицина қызметкерлерінің қызметі өте маңызды.
Биыл, Пандемияның кезінде жанын салып, ерекше ерлікпен халқымыздың амандығы үшін аянбай еңбек етіп, мыңдаған отандастарымызды ажалдан арашалап алып қалған дәрігерлерімізге басымызды иіп, мың алғыс айтамыз!
Ардақты ақ халатты абзал жандар! Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биіктен көріне беріңіздер деп тілегімді білдіремін.

Б.С.Абдрасилов
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің президенті