Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!
Сіздерді, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын!
Қызметіңізді абыройлы атқарып, жаңа идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда еңбектеріңіздің жемісті болуына тілектеспін.
Өз жұмыстарыңызға деген шығармашылық ұстанымыңыз бен қарым-қатынасқа ашықтығыңыз және еңбектегі ынтымақтастықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін.
Кәсіби мереке қарсаңыңда, Сіздерге шығармашылық табыс, сарқылмас шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Б.Абдрасилов