Ректордың қос қуанышпен құттықтауы!

Құрметті оқытушы-профессорлар, сала қызметкерлері және білім алушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен және айтулы мерекемен тұспа-тұс келген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының 80 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде әлем тамсана қарайтын елордамыз — Нұр-Сұлтан қаласы мен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қос ұғым іспеттес.
Тұңғыш Презитедентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі Қазақстанның негізін қалап, іргетасын бекітіп, іргелі елге айналдырып, күллі әлемге танытып, мемлекетімізді даму жолына салған еңбегі шексіз.
Елбасы мәңгілік ел болуды армандап, Ұлы даланың ұлағаттарын халқымызға ашып берді. Тәуелсіздігімізді нығайту үшін болашаққа бағдар ұсынды.
Қазақ елінің астанасын Сарыарқа төсіне көшіру туралы тарихи шешімінің нәтижесінде, еліміздің мақтанышы болған көрікті Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Бүгінде кемеліне келіп, гүлденген елордамыздың төрінде әлемнің алпауыт елдірінен бастап, барша мемлекеттердің басшылары бас қосып, ғаламдық деңгейдегі мәселелерді талқылап, ортақ келісімге келіп, кеңесетін орталыққа айналғанын да еркеше атап өтуге болады.
Мемлекеттің тұғыры қашанда білімді әрі кәсіби мамандармен биік болады. Бұл тұрғыда Елбасымыз ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап білім мен ғылымды дамытуда бірнеше стратегиялық қадамдар жасады. Солардың бірін айтсақ, 1992 жылы бауырлас Түркия елінің сол кездегі басшысы С. Демирелдің қолдауымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің негізін қалады.
Елбасы іргетасын қалаған Ахмет Ясауи университеті түркі әлемінің достық пен бауырластық символына айналып, бүгінде түркі елдері жастарының білім алатын ортақ шаңырағы ретінде халықаралық деңгейдегі оқу орнына айналды.
Түркі дүниесінің тұтастығына қосқан орасан үлесі үшін Елбасы оқу ордамыздың қабырғасында түркі әлемінің ақсақалы атанып, Түркия мемлекетінің Президенті А. Гүл асатаяқ табыстады.
Қазақ деген абыройлы елдің атағын асқақтата түскен Қазақстанның жас елордасы, сүйікті қаламыз – ару Нұр-Сұлтан қаласы көркейе берсін!
Елбасымыз аман болып, елдің тұтастығын сақтауға, дамуына үлесін қоса берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің ректоры  

                         Б.С.Абдрасилов