Жас ғалымдарға хабарландыру!

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурсты өткізілетіндігін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — ҚР БҒМ) Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары: Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология; Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар; Энергетика және машина жасау; Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Білім және ғылым саласындағы зерттеулер; Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2021-2023 жылдарға жас ғалымдарға гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды. Жоба жетекшісі және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz сілтеме арқылы беріледі. Өтінімдер 2020 жылғы 7 шілдеден бастап қабылданады. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2020 жылғы 21 тамыз (қоса алғанда).