Талапкерлерге арналған арнаулы емтихандар басталды

2020-2021 оқу жылына қабылданатын білімгерлерге арналған арнаулы емтихандардың I кезеңі 10.07 – 18.07.2020 ж. аралығында өтетіндігін хабарлаймыз. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша Психометрикалық емтихан (кесте бойынша) ZOOM бағдарламасы бойынша өтеді. Идентификатор 6047209789 пароль А2. Арнаулы емтиханға кіру және тапсыру сілтемесі http://olimp.ayu.edu.kz
«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша «Педагогикалық жағдаятты шешу» (кесте бойынша) ZOOM қосымшасы бойынша өтеді. Идентификатор 6047209789 пароль А1. Арнаулы емтиханға кіру және тапсыру сілтемесі http://olimp.ayu.edu.kz
Арнаулы емтихандар ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн форматта бейнежазба ілеспесімен жүргізіледі. Арнаулы емтихандарды тапсыру I кезеңі мемлекеттік грант конкурсына тапсыру мерзімін қамтиды. II кезең қосымша кестеге сәйкес 20.07.2020ж — 20.08.2020ж аралығында өтеді.
Сонымен қатар, 13.07 – 20.07.2020ж аралығында мемлекеттік білім гранттары конкурсына құжаттарды қабылдау басталады. Құжаттарды қабылдау Egov.kz «Электронды үкімет» порталы арқылы онлайн жүзеге асырылады. Кеңес беру және волонтерлік қызмет университет қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылады. Құжаттарды қабылдау онлайн форматта болуына байланысты талапкерлер сұрақтары бойынша университетіміздің call-centre нөмерлеріне хабарласып, мәлімет алуларына болады.

Напишите свой вопрос

 

×