Академикпен тағлымды телесұхбат (видео)

Қазақстан ұлттық арнасы — QAZAQSTAN.TV каналындағы «Nur Tileý» телебағдарламасында Нұртілеу Иманғалиұлының Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің алғашқы ректоры, академик Мұрат Жұрыновпен жүргізген салихалы сұхбаты жарияланды.

Сұхбат барысында, алдымен, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке бастамасымен негізі қаланған, елімізде халықаралық статусқа ие жалғыз оқу ордасы және биылғы жылы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың жарлығымен ерекше мәртебеге ие болған — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құрылуы мен тарихи маңыздылығы сөз болды.

Жалғасында М.Жұрынұлы Елбасының тәуелсіз Қазақстанды құрудағы ерен еңбектерін саралап, Елбасының ел, тіл, тәуелсіздік, руханият секілді ұлы ұғымдарға деген көзқарасын баяндады. Сұхбат академик ағамыздың қазақтың рухын асқақтатын, тағылымы мол өрнек-мысалдары және кемеңгер пікірімен жалғасын табады.
Осы орайда, Мұрат Жұрынұлының университет жайлы әсерлі естеліктері мен мағыналы сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.