Шәкіртіміз-жеңімпаз!

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың шәкірті Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы алғашқы сайысын жеңіспен бастады. Минск қаласында өткен кәсіпқой бокста Бек Нұрмағанбет орта жеңіл салмақта өзінің дебюттік ойынын қарсыласының нокаутымен аяқтады. Оның қарсыласы Венгриялық Тамаш Ласка осыған дейін 40 жекпе-жек өткізген тәжірибелі боксшы болатын. Бек Нұрмағанбет бүгінде Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебінің 2-курс магистранты. Спортшы биыл әуесқой бокстан кәсіпқой боксқа ауысқан болатын. Ол 2018 жылы Ақтауда өткен ел чемпионатында Қазақстан чемпионы, 2019 жылы Тайландта өткен Азия чемпионатында 81 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған. Спортшымызға байрақты бәсекелерде еліміздің және оқу орнымыздың атын әлемге таныта беруіне тілектеспіз!

Ақпарат орталығы