«Жоғары оқу орнының үздік педагогы-2020»

«BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында «Жоғары оқу орнының үздік педагогы-2020» атты республикалық байқау өткен болатын. Оқу орнымыздың Әлем тілдері кафедрасының ұлағаты ұстазы п.ғ.д., профессоры Гулфайруз Гинаятқызы Еркибаева қатысып, I дәрежелі дипломмен және Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Жоғары оқу орнының үздік педагогы-2020» төсбелгімен марапатталды.
Ғылыми жетістіктерін сабақта тиімді қолданып, заман талабына сай, сапалы мамандар даярлауда нәтижелі еңбек етіп келе жатқан Г.Еркибаева 583 ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 оқулық, 7 электронды оқулық, 22 монография, 35 оқу құралы, 105 әдістемелік құралы мен 380 ғылыми мақалалардың авторы. Үздік ұстазымызға шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×