10 тамыз-Абай күні құтты болсын!

Құрметті әріптестер мен студенттер!
Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы құтты болсын!
Абай Құнанбайұлы ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.
Осы орайда, мерейлі мейрамда, Ұлы тұлғаға тағзым жасау мақсатында Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты Абай өлеңдеріне арналған факультетаралық эстафетасын бастады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің президенті                                                                                                                   Б.Абдрасилов

Напишите свой вопрос

 

×