Ата Заң –тәуелсіздігіміздің тұғыры

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ата Заңымыздың 25 жылдығына орай «Ата Заң –тәуелсіздігіміздің тұғыры» атты онлайн-конференция өтті.
Жиында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, заң ғылымдарының докторы, ҰҒА-ның Құрметті академигі Есберген Алауханов модераторлық етті. Онлайн-конференцияға университетіміздің I вице-президенті Женгиз Томар бастаған басшылық құрамы мен оқытушы-профессорлар , студенттер мен Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Түркістан қалалық сотының төрағасы Айгүл Жаңбырбаева, Тұран-Астана университетінің ғылым және ішкі байланыстар жөніндегі проректоры Әлімжан Бекмағанбетов, Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай қатысты.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеттінің вице-президенті Әміреқұл Абуов конференцияға қатысушыларды Ата Заңымыздың 25 жылдық мерекесімен құттықтап,
Ата заңымызда көрсетілгендей әрбір адамның құқықтарының ішіндегі ең жарқын, адамға қуат сыйлайтын бабы — білім алу құқығы екендігін, мемлекетіміздің білім саясаты аясында түркі халықтарына ортақ оқу орын- Қожа Ахмет Ясауи университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық түлек шығарып, елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары саласында мамандар даярлап жатқандығымызды атап өтті. Жиын барысында қатысушылар Ата Заңымыздың тарихы мен заңды құжаттың мазмұны, маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, барлық заңдардың бастауы, қайнар көзі болып саналатын Ата Заңымыздың әлеуеті мен болашақ заңгерлеріміздің құқықтық сауаттылығын үнемі дамыту қажеттігі, жастарымызға Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуді дәріптеп, насихаттау қажеттігі айтылды.
Жиынды қорытындылаған модератор Есберген Алауханов еліміздің дамуының басты құжатына айналған Ата Заңымызды құрметтеу біздің парызымыз, әрі міндетіміз екендігін айтып, осы маңызды мерекені ұйымдастырған «Рухани жаңғыру» ғылыми-тәжірибелік орталығына алғысын білдірді.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×