Ректордың Білім күнімен құттықтауы!

Құрметті профессор-оқытушылар құрамы және студенттер!

Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын!

Түркі халықтарына ортақ оқу орны — Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 30 жылға жуық уақытта 75 000-ға жуық  түлек шығарды. Бүгінде әлемнің 19 мемлекетінен 40 астам ұлт өкілдерінің балалары білім алып жүрген оқу ордамыз елімізге медицина, экономика, құқықтану, педагогика, филология, жаратылыстану ғылымдары сынды тағы басқада көптеген сала бойынша мамандар даярлап, өз үлесімізді қосып келеміз.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия республикасының Президенті Сүлеймен Демирел мырзалардың іргетасын қалап, сенім артқан оқу ордасы бүгінде Орта Азиялық кеңістікте өзіндік орны бар, бірегей білім ордасына айналды.

2020 жыл, қаңтар айының 15 жұлдызында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Университетіміз Ерекше мәртебеге ие болды.
Жаңа оқу жылында оқу ордамыздың оқытушы-профессорлар құрамымен бірлесіп атқаратын жұмыстарымыздың жаңа жоспарлары мен бастамаларымызды іске асыруда барлық күш-жігерімізді саламыз деген сенімдемін.

Биылғы оқу жылында оқу орнымызға барлық білім беру деңгейі  бойынша   2000-нан аса  талапкер 1 курс студенті атанса, оның 50%-дан астамы оқу грантының иегерлері.

Құрметті әріптестер, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер!

Жаңа оқу жылында жетер жетістігіміз, алар асуымыз, шығар шыңымыз, бағындырар белесіміз көп болсын!

Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

 Болатбек АБДРАСИЛОВ,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің ректоры

Напишите свой вопрос

 

×