«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»

Бүгін, 1 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту бойынша стратегиялармен таныстырды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы Жолдауды тікелей эфирде тыңдады. Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, ауылшаруашылық саласы, ғылым мен білім, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастамаларды көтерді.
Жолдауда айтылған басым бағыттардың бірі – білім саласы. Президент Қ.К.Тоқаев 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтерілетіндігін, жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретіндігін жеткізді. Сондай-ақ, Президент қашықтан білім беру жүйесін жетілдіруді тапсырды.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ президенті Болатбек Абдрасилов Жолдауда ауқымды мәселелер қамтылғандығын, білім мен ғылым, қашықтықтан білім беру жүйесіне қатысты бірнеше тапсырмалар бергендігін атап өтті. Ғылымды қаржыландырудың және қолдаудың маңызды көзі – ірі кәсіпорындардың, әсіресе, шикізат саласындағы компаниялардың тапқан табысының 1%-ын ғылым мен технологияны дамытуға берілуі ғалымдарға, жас ғалымдарға үлкен қолдау екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, Жолдауда қазіргі індеттің салдарынан студенттеріміздің қашықтықтан білім алып жатқандығы, толыққанды оқу процесінде қажетті барлық функцияларды бар бірыңғай онлайн платформасының дайындалатындығы маңызды міндет жүктейді.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ I вице-президенті Женгиз Томар Құрметті Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда өте маңызды пікірлер мен бастамаларды айтты. Сапалы білім беру саласында нақты реформалар, мұғалімдердің жалақысының өсуі, ғылымда халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, еліміздің дамуына үлес қосу маңызды екендігін айтты. Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлінетіндігі айрықша қуантарлық жағдай екендігін айтты.
Елімізде ғылымды дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжаттардың дайындалуының басты міндеті – ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуде ғылымның әлеуетін пайдалану болып табылады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×