Студенттер университет кітапханасымен онлайн танысты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ақпараттық ресурстық орталығы жыл сайын студенттерге, әсіресе 1-курс білімгерлерін кітапханамен таныстыру мақсатында экскурсия жасап отырады. Іс шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерді жалпы кітапханамен, оның ішкі тәртібімен, Ережелерімен таныстырады. Биылғы оқу жылында білім беру жүйесінің қашықтан оқыту, онлайн режимге ауысуына байланысты университет ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов осы жұмыстардың кезең-кезеңімен атқарылуы үшін ZOOM бағдарламасымен қамтамасыз етілуіне зор мүмкіндік беріп отыр. Қашықтықтан білім алып жатқан студенттерімізге таныстыру іс шараларын факультет декандарымен келісе отырып, кесте бойынша онлайн режимде кітапхана сайтымен, кітапхананың электронды ресурстарымен таныстыру жұмыстары 3-9 қыркүйек күндері өтеді.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×