«Qazaq radiosy» толқынында

Бүгін «Қазақ радиосы» толқынында университетіміздің ректоры Б.С.Абдрасилов бейне байланыс  арқылы сұхбат берді. Сұхбатты жүргізген журналист Азамат Жомартұлы.
1 қыркүйек күні Мемелекет басшы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында бірнеше маңызды мәселелер айтылды. Соның бірі ғылым саласына тың көзқарас пен жаңа тәсілдер қолдана отырып халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз керектігін айтқан болатын. Жоғары оқу орындар мамандар даярлаумен қатар, ғылыми орта болып табылады. Журналист ғалымдардың ордасының бірі болып табылатын,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректорымен сұхбатында, ерекше статусты оқу ордамыздың ғылым, білім саласында атқарылып жатқан жұмыстары мен түлектерді жұмыспен қамту, жаңа оқу жылында қабылданған студенттер барысы жайында бірқатар сұрақтарды қамтыды.
Сұхбаттың толық нұсқасын қазақ радиосының facebook.com/qazaqradiosy, youtube каналдарынан тыңдай аласыздар.
https://www.facebook.com/qazaqradiosy

 

Напишите свой вопрос

 

×