Болатбек Абдрасилов: Жаңа жолдау білім саласына ерекше қолдау болды

Қыркүйектің 4 күні оқу ордамыздың ректоры Болатбек Абдрасилов бейне байланыс арқылы «Қазақ радиосына»сұхбат берді.

Қолжетімді әрі сапалы білім. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда көрсеткен басым бағыттарының бірі. Осы орайда бәсекеге қабілетті болу үшін еліміздің жоғарғы оқу орындарына да ерекше жауапкершілік артылатыны сөзсіз. Осыған байланысты бүгінгі «Басты тақырып» хабарына Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов бейне байланыс арқылы сұхбат берді. Ректордың айтуынша, биыл аталған оқу орнына 2431 студент бакалавриатқа қабылданған. Оның ішінде 500 шетелдік азамат бар. Сондай-ақ өткен жылы университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 65% болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 80% жетіп отыр. Толығырақ аудио және видео нұсқада…

Дереккөз:: https://qazradio.fm/kz/news/18239/

Напишите свой вопрос

 

×