Университеттің клиника-диагностикалық орталығы жаңа жабдықтармен толықты

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор-доктор Мұхиттин Шимшек Түркия елінен ХҚТУ Клиника-диагностикалық орталығына медициналық жабдықтар мен материалдар жіберді. Гуманитарлық көмекті оқу орнымыздың президенті Болатбек Абдрасилов пен I вице-президент Женгиз Томар, Клиника-диагностикалық орталықтың бас дәрігері Осман Ажар бастаған мекеме қызметкерлері қабылдап алды.
Университет ректоры Болатбек Абдрасилов бауырлас екі елдің алтын көпірі болып отырған университет клиникасының халыққа жоғары деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін құрал-жабдықтарды жіберген Түркиядағы Өкілетті кеңес төрағасы Мұхиттин Шимшекке ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, пандемия кезінде халыққа қызмет еткен клиникамыздың қызметкерлеріне, дәрігерлеріне де ұжым атынан алғыс айтты. Алдағы уақытта клиниканың әлеуетін арттыруда жан-жақты жұмыстардың жүргізілетіндігін жеткізді.
Айта кетейік, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Клиника-диагностикалық орталығы мекемесінде Covid-19 індетінің өршуінің салдарынан 12.06.2020 жылдан бастап 30 төсек орнынды провизорлық бөлім ашылып, 200 адам вирусты пневмониямен емделіп шықты. Провизор бөлімінде 16 дəрігер қызмет атқарды. 2020 жылдың 26 тамызынан бастап провизорлық бөлім жабылған.
Университетіміздің I-вице-президент Женгиз Томар бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, алдағы уақытта да клиникамыз заман талабына сай қажетті құрал-жабдықтармен жаңартылатындығын атап өтті. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері Осман Ажар клиника–диагностикалық орталықтың алдағы жоспарларымен таныстырып, орталық қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында еліміздегі және Түркиядағы медицина мекемелерімен тығыз қарым-қатынасты орнатуды жандандыратындығын жеткізді.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×