Ректор «Аiqyn» газетінің бас редакторымен кездесті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Болатбек Абдрасилов «Аiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғарамен кездесті. Кездесу барысында Б.Абдрасилов оқу орнымыздың журналистика мамандығының студенттерінің республикалық басылымдарда, телеарналарда іс-тәжірибеден өтіп, еліміздің барлық аймағында қызмет атқарып атқарып жүргендігін жеткізді. Алдағы уақытта да жас журналистерді дайындауда «Аiqyn» газетінің ұжымымен әріптестік байланысты дамыту мәселелері талқыланды. «Аiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасиловқа ынтымақтастық пен байланысты арттырғаны үшін басылым ұжымы атынан Алғыс хат тапсырды.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×