«Ғылым әлеміне саяхат»

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Б.Абдрасиловтың бастамасымен 2020-2021 оқу жылында қабылданған 1-курс студенттерін ғылымға баулу мақсатында «Ғылым әлеміне саяхат» тақырыбында университеттің ғылыми-зерттеу бағыттары, жетістіктері, университетіміздегі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын таныстыру онлайн видеоконференциялары өткізілуде.
16-18 қыркүйек күндері аралығында онлайн режимде өтетін іс-шараның алғашқы екі күнінде Гуманитарлық ғылымдар, Филология, Өнер және Спорт, Әлеуметтік ғылымдар, Мемлекеттік басқару және экономика жоғары мектебі, Жаратылыстану факультеттерінің қашықтықтан білім алып жатқан  студенттерімен кездесу болды. Жиынды сөз алған Ғылыми-зерттеу істері бойынша вице-президенті К.М.Беркимбаев Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жас ғалымдардың ғылыми-зерттеулеріне арналған гранттық және студенттік шәкіртақы конкурстары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 1-курс студенттерінің ғылымға деген қызығушылықтары мен талпынысын арттыру мақсатында университетте жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-теориялық конференциялары туралы айтты. Онлайн кездесуде студенттерді заманауи зерттеу жұмыстарының принциптері мен әдістерін, оның ішінде зерттеуді дайындау және жүргізуге, ғылыми жұмыстарды жазуға және жариялауға дайындауға үйретуге бағытталған іс-шараларға қатысты да мәліметтер берілді.
Жас ғалымдарды ғылымға баулу мақсатындағы игі іс-шара алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×