Ректорға «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі табысталды

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, ұлтаралық татулықты насихаттауда елеулі үлес қосқаны үшін университетіміздің ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» және «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдерімен марапатталды. Медальдарды Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғани Рысбеков табыстады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде әлемнің 19 елінің жастары мен 40-тан астам ұлт пен ұлыс өкілдері білім алуда. Түркі тілдес әлемді рухани біріктіруші білім беру орталығы ретінде Ахмет Ясауи университетінің маңызы өте зор.

Напишите свой вопрос

 

×