Түрік мәдениетімен танысып қайтты

GoTurkey бағдарламасымен  5.09-16.09.2020 аралығында медицина факультетінің студенттері Түркияға барып қайтты. Сапардың мақсаты — студенттердің кәсіби біліктілігін арттыру және Түркия мемлекетінің мәдениетімен танысу, тіл курстарын оқу.
Бағдарламаға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Астана медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеттерінен жалпы саны 20 студент (бакалавр және интерн студенттері) қатысты.
Бағдарлама жетекшісі — ХҚТУ вице-президенті У.Умбетов. Бағдарлама координаторы- Медицина факультетінің «жалпы медицина» мамандығы бойынша 5-курс студенті Қанат Шамсудин.
Бағдарлама аясында студенттер түрік тілі курстары (тіл курстарын Филология факультетінің аға оқытушысы Молдатаев Қанат өткізді) және Акдениз университетінің жетекші мамандары арқылы студенттер хирургиялық кейстерді дәрігер рөлінде шешіп, дұрыс диагноз қоюды және сонымен қатар коммуникативті дағдылар бойынша жаттығулар жасады. Морфология, патология және қан-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі және ас қорыту жүйесі бойынша семинарлар кәсіби біліктілігіне байланысты мастер-класстар өтілді. Студенттер Түркия мемлекетінің Стамбул, Анталья қалалары және Каппадокия мен Паммуккале сияқты інжу маржандарымен танысты.
Сонымен қатар Шахмардан Есенов атындағы фонд және Конрад Аденауэр фондының стипендиаты Қанат Шамсудин аталмыш фонд стипендиясын және тағы басқа гранттарды қалай жеңіп алу туралы семинар өткізді.
Бағдарлама соңында студенттер өткен материалдар бойынша тест тапсырды. Барлық қатысушыларға ХҚТУ вице-президенті Ү. Үмбетов сертификаттар тапсырды.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×