Шамсудин Қанат тағы да стипендиат атанды

Университетіміздің медицина факультетінің 5-курс студенті Шамсудин Қанат «Конрад Аденауэр» қорының Sur-Place жергілікті университеттерінің студенттеріне арналған жергілікті грантын жеңіп алып, стипендиат атанды. Шахмардан 3-курста Шахмардан Есенов атындағы стипендия иегері атанған болатын.
Бұл білім сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен, түрлі сала бойынша 29 жасқа дейінгі 450 үміткер бақ сынасты. Білім сайысында 50 жас іріктеліп, Конрад Аденауэр қорының стипендиясы тағайындалды. Шамсудин Қанат Түркістан қалсынан алғаш осы стипендия иегері атанып отырған студент.
Айта кетейік, Конрад Аденауэр атындағы Қор Германия Федеративтік Республикасының саяси Қоры болып табылады. Sur-Place жергілікті университеттерінің студенттеріне арналған жергілікті гранттар бағдарламасы 2007 жылдан бастап Қазақстанның жас элитасын қолдап, сол арқылы демократияландыру мен азаматтық қоғам құру үдерісіне өз үлесін қосып келеді.

Напишите свой вопрос

 

×