Түркияның Өкілетті Елшісі оқу ордамызға келді

Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи мен Түркия Республикасының Алматы қаласындағы  Бас консулы Али Рыза Акынжы еліміздің аймақтарын аралау барысында Түркістан облысына іс-сапармен келді. Сапар барысында түркі балаларын ортақ шаңырақ астында басын қосып, білім беріп отырған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен танысу мақсатында арнайы ат басын бұрды. Қонақтар университет қызметкерлері және оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті.
Оқу орнымыздың ректоры Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов университеттің жеткен жетістіктері, тарихы және атқарылып жатқан жұмыстарымен қонақтарды таныстырды. Сондай-ақ екі елдің достығының белгісі болып табылатын оқу ордамызға Түркия тарапының көрсетіп жатқан қолдауларына ерекше тоқталып өтті.
Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджи:
-Бұл менің Түркістанға алғашқы рет келуім. Алдын Нұр-Сұлтан қаласында ректор Болатбек Серікбайұлымен танысқан болатынмын. Бұл жолы екі елге ортақ университетімізді жақыннан көріп, ұстаздармен танысу үшін арнайы келіп отырмын. Мынау жұқпалы індет болмағанда бәлкім көпшілікті көріп, студенттермен жақынырақ танысар едім. Дегенмен де бұл соңғы кездесуім емес деп үміттенемін. Пандемиядан кейін көбірек келуге тырысамын және студенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге барынша атсалысамын. Бұл сапарда мен ерекше толқып тұрмын, ата жұртымыздағы бауырларымыз бізді құшақ жайып қарсы алды. Университет басшылығына үлкен алғысымды білдіремін, — деп ыстық ықыласын білдірді.
Университет басшысы құрметті қонақтарға салтымыз бойынша шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.

Напишите свой вопрос

 

×