Шәкірттеріміз жеңімпаз атанды

Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті Экономика факультетінің ұйымдастыруымен қыркүйек айының 20-22 күндері аралығында онлайн форматында 5В090200 — «Туризм» мамандығы бойынша XII Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы өткен болатын. Еліміздің барлық өңірінен 15 жоғары оқу орны қатысқан білім сайысында университетіміздің «Туризм» кафедрасының э.ғ.к., профессор м.а. Гүлжан Құралбайқызы Тұрысбекова және магистр-оқытушы Айжан Мұханқызы Исаеваның жетекшілігімен 3 курс студенттерінен құралған «Yesevi» командасы қатысып, ІІ орынды иеленді.  3 кезең бойынша  өткен білім сайысында шәкірттеріміз туристік нарыққа кәсіби талдау жүргізіп, көрсетілетін әртүрлі қызметтерді жетілдіру жолдарын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өз аймағының ерекшеліктері мен заманауи технологияларды енгізу бойынша жобаларымен таныстырды. Команда құрамының жеке есебі бойынша «Yesevi» командасының мүшесі Нұрбол Тұрарбеков I орын алды.
«Yesevi» командасы:
1. Анель Керімбек , Туризм мамандығының 3 курс студенті

2. Нурила Ақтаукен, Туризм мамандығының 3 курс студенті
3. Нұрбол Тұрарбеков, Туризм мамандығының 3 курс студенті
4. Улугбек Хурсанов, Туризм мамандығының 2 курс студенті
5. Дарын Әбдісадықұлы, Туризм мамандығының 3 курс студенті
Туризм мамандығында білім алатын шәкірттеріміздің туризм саласын дамытуда және инновациялық тың жобаларды жүзеге асыруда шығармашылық табыстар тілейміз!

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×