Кіші футболдан жарыс өтті

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркіменстандық студенттер арасында Түркіменстанның 29 жылдығына орай «Түркіменстан-бейтараптықтың мекені» ұранымен кіші футболдан жарыс өтті. Әлеуметтік ғылымдар факультеті «Құқықтану» мамандығының 2-курс магистранты, ұйымдастырушы Оразмұратов Аққылыш түркі халықтарының жастарының ортақ шаңырағы болған оқу ордамыздың барлық жастарының арасында алдағы уақытта кең көлемде бұндай спорттық сайыстар өткізілетіндігін және іс шараның өтуіне қолдау көрсеткен университет басшылығына ризашылығын жеткізді. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×