Пікірсайыс – достық мекені

Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен «Jas Otan» Жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Пікірсайыс – достық мекені» турнирі өткен болатын. Білім мен шешендік сайысына университетіміздің Филология факультетінің 4 курс студенті Арслан Атабек және Жаратылыстану факультетінің 3 курс студенті Атабек Ағабек қатысып, жүлделі I орынды иеленді. Пікірсайысқа облысымыздың 3 қала, 13 ауданынан жастар қатысып, өз білімдері мен ой-пікірлерін ортаға салды. Пікірсайысқа қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, жастарды кәсіпкерлікке баулудың жаңа тетіктері мен Түркістан жастарының даму концепциясын ұсынды.
«Түркістан жастары» командасының мүшесі Арслан Атабек: «Пікірсайыс-достық мекені» телевизиялық жобасы өңіріміздің үздік пікірсайысшыларын бір шаңырақ астына біріктірді. Бұл додада жастар аймақтағы өзекті мәселелерді қозғап, баршаға тиімді шешу жолдарын ұсынды. Жастардың сүбелі сөзі, өткір ойы мен ұтымды пікірі облысымыздың дамуына өзіндік үлесін қосары сөзсіз. Осы ретте, бізді пікірсайысқа қатысуға қолдау білдіріп, жастар саясатындағы «Ясауи ілімінің» маңыздылығын көрсеткен «Рухани жаңғыру» және тәрбие департаментінің директоры Ләззат Динашева апайымызға алғысымызды айтамыз-деп пікірсайыс туралы пікірін білдірді.
Іріктеу кезеңі онлайн форматта өтіп, қорытынды кезеңі «Түркістан жастарының даму концепциясы» тақырыбында өткен пікірсайыс Оңтүстік телеарнасынан көрерменге жол тартатын болады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×