English Language Fellow Project бағдарламасы бойынша жоба басталды

Университетіміздің Филология факультеті Педагогикалық шетел тілдері кафедрасының 3 курс студенттеріне АҚШ елшілігінің English Language Fellow Project бағдарламасы бойынша Теннесси университетінің оқытушысы Каролойн Идеус онлайн сабақ беруді бастады. Бұл жобаға жалпы 53 студентке қатысуда, сонымен қатар, кафедра оқытушылары да Каролайн Идеуспен тәжірибе алмасады. Еске сала кетейік, 2019 жылдың қараша айында Қазақстандағы АҚШ елшілігінің ағылшын тілі бағдарламасы бойынша (Орталық Азия) аймақтық офисінің директоры Джон Сильвер университетіміздің ректоры Болатбек Абдрасиловпен кездесіп, English Language Fellow Program бағдарламалары бойынша ақпараттармен бөлісу, екіжақты әріптестік байланысты нығайту жолдары мен алдағы жоспарларды талқылаған болатын. English Language Fellow Program бағдарламасы бойынша АҚШ-тан арнайы маман келіп, 10 ай бойы оқу орнымыздағы ағылшын тілі мамандықтарының студенттеріне сабақ береді, оқытушыларға арналған семинарлар мен тренингтер өткізеді. Сонымен қатар, ағылшын тілі бойынша тәжірибесімен бөлісіп, оқытушыларымыздың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді деп жоспарланған болатын. Әлемде болып жатқан қазіргі жағдайға байланысты бұл жоба онлайн форматында жүзеге асты. Бүгін Каролайн Идеус English Language Fellow Project бағдарламасы бойынша онлайн форматында алғашқы сабағын бастады. Студенттер белсенді түрде Америкалық мұғаліммен сөйлесіп, тез тіл табысты. Ағылшын тілі мамандығының 3-курс студенттері аптасына 8 сағат English Language Fellow Project бағдарламасы бойынша білім алатын болады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×