Абай қарасөзіндегі діни терминдердің қолданысы жайлы ғылыми семинар өтті

Түркология ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Абай қара сөзіндегі діни терминдердің қолданысы» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарда баяндама жасаған ғалым, ф.ғ.к. Н.Мансұров ақын мерейтойының қарсаңында Абай жайлы айтылған ойлар мен зерттелген дүниелердің маңыздығын айта келіп, өзінің де Абай қарасөздеріне тілдік тұрғыдан зерттеу жасап, діни терминдердің маңызы туралы тың жаңалықтары барын жеткізді.
Абай Құнанбайұлының отыз сегізінші қара сөзіндегі адам өзін ғылымға бейімдейтін болса, сонда ол Алланың ілімін таниды, өзін таниды һәм мына дүниені жақсы тани бастайды. Оның ғылым үйренушілеріне берген осы үш жақты байланыстарын (Алла, адам, дүние) қарап, Қожа Ахмет Иасауидің прициптерінен алған әсерлеріне көз жеткізуге болады. Екеуінің мақсаттары да бір-біріне ұқсас. Себебі, Абайдағы «толық адам» түсінігі Иасауи ілімінде «кәміл инсан» мазмұнында тарқатылған. Иасауидің тұжырымында адамның Алланы шын мәнімен танымақлығы, оның дүниеде ісі түгіл көңілін жамандыққа қимайтын ғылымға ғашық жан болатынын ұқтыру. Ислам дінінің ең маңызды тіректерінің бірі иман-итиқад мәселесі. Алла тағаланы тануда сипат екіге бөліп түсіндіріледі. Олар зати (6 сипат) және субути (8 сипат) сипаттар. Абай Құнанбайұлы адам баласының ғылымға көңіл қоюды жас кезден бастау керектігін айтса, сөзінің жалғасында ғылымда тура жол арқылы ізгілікке жететіні жөнінде ғалым айрықша тоқталды. Абайтанушы ғалымдардың зерттеулерінен бірнеше мысал келтіріп, ойын түйіндеді.
Семинарға қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтар Абай қарасөздерінің діни сипаты мен концепциясын ашуға зор септігін тигізді. Онлайн семинар соңында Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Булент Байрам баяндамашы Н.Мансұровқа алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.

Түркология ғылыми-зерттеу институты

Напишите свой вопрос

 

×