Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің 10.02. 2020 жылғы № 16-5/282-И хатында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасындағы пәндік олимпиаданы базалық ЖОО-да ұйымдастыру мен өткізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің ұсынымдарына сәйкес базалық жоғары оқу орны ретінде Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті 5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша студенттердің ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасын университет базасында 2020 жылдың 05–06 қараша күндері онлайн форматта өткізеді.
Олимпиадаға 5В020500 — «Филология: қазақ филологиясы» мамандығында оқитын күндізгі бөлімнің 3, 4курс студенттері қатыса алады.
Команда құрамы жетекші және 3 студенттен тұрады. Қатысушылар өздерімен бірге сынақ кітапшаларын немесе деканаттан анықтама қағаздарын көрсету керек. Жіберуші тараптардың профессорлық-оқытушылық құрамынан команда жетекшісінің болуы міндетті саналады. Олимпиаданың 2-кезеңіне жоғарыда көрсетілген мамандық бойынша Республикалық Олимпиадалардың өткен жылдағы жеңімпаздары қатыстырылмайды.
Пәндік олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ тілі
Пәндік олимпиада теориялық және практикалық тапсырмалардан тұратын 3 тур бойынша өтеді.
І тур – Өз топтарын таныстыру (уақыты 3 минут)
ІІ тур – Ұсынылған материалдарға ауызша кешенді тілдік және әдеби- теориялық талдау жасау
ІІІ тур – Ұсынылған тақырыптар бойынша ғылыми жоба қорғау (7 мин.)
Олимпиаданың 2-кезеңінің толыққанды бағдарламасы қатысушыларды тіркеу кезінде беріледі.
Республикалық пәндік олимпиадаға қатысу туралы құжаттардың электронды нұсқасын (өтініш және І кезеңнің хаттамасы) 2020 жылдың 01 қарашасына дейін yassawi2020olimp@mail.ru почтасына жіберуді сұраймыз.
Мекен-жайымыз: 121600 Түркістан облысы Түркістан қаласы Бекзат Саттарханов даңғылы, 29 Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университеті, 3-ғимарат, 254-бөлме, Қазақ филологиясы кафедрасы Байланыс телефондары: 8 (72533) 63636. Ішкі — 1293,1294
Жауапты тұлғалар: ф.ғ.к., профессор м.а. Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы (87756323115)
ф.ғ.к., доцент м.а. Толысбаева Әдемау Тұрдыбайқызы (87029512828)
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өтетін 5В020500-«Филология: қазақ филологиясы» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы жоғары орындары студенттерінің ХІІ Республикалық пәндік олимпиадасына қатысу туралы
Өтінім
1. Қатысушылардың аты-жөні (курс, мамандығы)
2. Топ жетекшісі (ғылыми дәрежесі, жұмыс орны)
3. ЖОО-ның атауы
4. Мекен-жайы, телефоны, эл.пошта
Тіркеу карточкасы
Қатысушының аты-жөні (толығымен) Мамандық шифры, курсы, оқу тілі ЖОО (толық аты) Мекен-жайы Байланыс телефоны, факс, е-mail
Топ жетекшісінің аты-жөні, қызметі, байланыс телефоны, факс, e-mail
ЖОО басшысының қолы мөр
Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу шарттары
10. ХІІ Республикалық пәндік олимпиада үш турдан тұрады. І тур – Топ визиткасы. Топтың еркін түрде өздерін таныстыруы (уақыты 3 минут).
ІІ тур – Ұсынылған материалдарға ауызша кешенді тілдік және әдеби-теориялық талдау жасау.
ІІІ тур – Ұсынылған тақырыптар бойынша ғылыми жоба әзірлеу және қорғау (7 мин.) Жоба тақырыптары тіркелген командаларға қосымша жіберіледі.
IV Жеңімпаздарды анықтау және марапаттау
11. Республикалық пәндік олимпиаданың тапсырмалары төмендегі қағидалар бойынша бағаланады:
Топты таныстыруда қатысушылардың өз мамандықтарына қатысты кәсіби білімдері мен мамандықтың қазіргі қоғамға қажеттілігін дәлелдеуі, мамандығы туралы ақпараттың толықтығы, ақпараттың жүйелігі, сөйлеу әдебі мен мәнері.
Кешенді тілдік талдау және әдеби талдау ұсынылған тапсырмалар негізінде ауызша жүргізіледі. Филологиялық материалдарға кешенді талдау жасау, талдау
түрлерінің толық қамтылуы, дәлдігі, жүйелігі сияқты шарттар бойынша бағаланады.
Ғылыми жоба қорғауда тақырыптың ашылуы, ұсынған тұжырымдарының
дәлелді негізделуі, өзіндік ой-пікірі, көзқарасы болуы, теориялық білім, тапқырлық, ойды жеткізу мәдениеті мен әдебі, ой жүйелігі ескеріледі.
12. Республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздары топтық (жекелік) есепте анықталады.
13. Республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары ретінде топтық (жекелік) есепте жүлделі І, ІІ, ІІІ орын иеленгендер саналады.
Базалық ЖОО командасы конкурстан тыс қатысады.
14. Республикалық пәндік олимпиада төмендегідей жүлделі орындар белгіленеді:
Бір – бірінші орын екі – екінші орын үш – үшінші орын
Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау
15. Пәндік олимпиаданың жеңімпаздары ретінде танылған студенттер 1, 2, 3 — дәрежелі дипломдарға ие болады.
16. Басқа қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті сертификаттарымен марапатталады.
17. Пән бойынша білімі мен танымы жоғары, өзіндік көзқарасы және
сауаттылығымен ерекше көзге түскен студенттер комиссия бекіткен жеке номинациялар бойынша марапатталады.
Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу уақыты мен орны
18. Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу және жеңімпаздарды анықтау мен марапаттау 2020 жылдың 05-06 қараша күндері өтеді. ХІІ Республикалық пәндік олимпиада өткізу туралы ақпараттық хат және олимпиада нәтижесі Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ayu.edu.kz сайтында жарияланады.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Напишите свой вопрос

 

×