«Bolashaq Books» жобасы университетімізде

Бүгін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми кітапханасында «Bolashaq Books» жобасы аясындағы кітап сөресінің Түркістан облысындағы ресми ашылуы өтті.
Жиынға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті Болатбек Абдрасилов, І-вице президент Ж.Томар, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, «Bolashaq» Қауымдастығының Атқарушы директоры Лаура Демесінова, «Tengri comics» комикстер баспасының негізін қалаушы Бекзат Мырзахметов және университеттегі «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен белсенді студенттер қатысты.
«Bolashaq Books» жобасының негізгі мақсаты – қоғамдық кітап сөрелерінің санын арттыра отырып, маңызды кітаптарды кез-келген адамға қолжетімді ету және оқырмандар санын көбейту. «Bolashaq Books» әлеуметтік маңызы бар жобасы осы жылы өз ауқымын кеңейтуде, енді еліміздін барлық өңірлерінде, қоғамдық кітаптар желісі пайда болады, кем дегенде 20 сөре орнату жоспарланып отырғандығы жиын барысында айтылды.
Бұл жоба «Bolashaq» Қауымдастығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның мемлекеттік гранты аясында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылады. Жиын соңында қонақтар авторға сұрақтар қойып, қолтаңбасы бар комиксті сыйға алды.

Напишите свой вопрос

 

×