Университетімізде Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның қатысуымен онлайн режимінде жиын өтті

Бүгін Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуның қатысуымен жаңа оқу жылының басталуына байланысты алқалы жиын онлайн режимінде өтті.

Ашылу рәсімінде Өкілетті Кеңес төрағасы М.Шимшек оқытушылар мен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтай отырып, жиынға арнайы қатысқан министрге алғысын білдірді.
Мевлют Чавушоглу өз сөзінде, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2020-2021 оқу жылының басталуымен құттықтап, Ахмет Ясауи бабамыз және Абайдың мұрасы мен аманатына айналған оқу ордамызды Түркия-Қазақстан достығының ең үлкен нышаны деп бағалады. Университеттің Ясауи бабамыздың мекені, Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда орналасуының ерекше мағынасы бар екенін айтты. 1992 жылы екі ел тарапынан бірге іргетасы қаланған университет екі мемлекет тарапынан әрдайым қолдау табатынын және Ахмет Ясауи мұрасының қорғалатынын жеткізді. Сөзінің жалғасында министр:

«Университетіміз 30 жылдың ішінде Түркі әлемінің жетекші оқу ордаларының біріне айналды. Университтетің ерекше статусы және халықаралық мәртебесі оқу ордамыздың сапасының дәлелі. Бұл мәртебелердің сақталуына Қазақстан тарапының да қолдау көрсетуі біз үшін өте маңызды.
-Президентіміз Реджеп Тайп Ердоған мен ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы ерекше достық — екі бауырлас елдің ынтымақтастығын берік тұғырлармен бекітті. ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Елбасы Назарбаевтің көреген саясатын жалғап, жоғары деңгейдегі табысты жұмыстар орындап жатқанына куәміз».
Министр: «Бауырлас елдермен жақсы қарым-қатынаста болу біздің басты міндетіміз. Қазақстан біздің ортақ университетіміз орналасқан Түркістанды түлетіп жатқаны, осы қасиетті мекенді Түркі елдерінің маңызды орталығына айналдырып жатқаны бізді қатты қуантады. Осындай қаланы әлеммен байланыстыратын аэропортты Түрік фирмасы салып жатқаны біздің еліміз үшін ерекше мәртебе».

Жалғасында Министр М. Чавушоглу халықаралық саясат бойынша күн тәртібіндегі өзекті мәселерге тоқталып өтті. Сөзінің соңында ӨК төрағасы Мухиттин Шимшек бастаған топқа, Ректор Болатбек Абдрасиловқа, Ректор өкілі Женгиз Томарға және барша Университет ұжымына жасаған қызметтері үшін алғысын білдірді.
Жиынның жалғасында университет ректоры Болатбек Абдрасилов сөз алып, осындай күрделі жағдайда уақытын бөліп, университет ұжымына арнайы конференция бергені үшін Министр М.Чавушоглуна алғысын білдірді. Оған қоса, 19 ел мен 40 ұлт пен ұлыстан келген Түркі әлемі жастарының ортақ білім мен ғылым, достық пен бауырластық шаңырағына айналған оқу ордамыздың жетістіктері туралы қысқаша мәлімет берді.

Напишите свой вопрос

 

×