«Өз Түркістаныңды көрсет» кәсіби түсірілім шеберлік сабағы басталды

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен «Visit Turkestan» орталығының бірлесіп ұйымдастырумен «Өз Түркістаныңды көрсет» әлеуметтік жобасы аясында туристік, сәулет және қалалық фотография саласындағы кәсіби түсірілім бойынша университет жастарына мастер класс басталды. Шеберлік сабағы қазан айының 19-25 күндері аралығында өтеді. Шеберлік сағатын «Nikon Kazakhstan» амбассадоры, заманауи фотосуреттер мектебі” ҚБ басқарма төрағасы, танымал туризм фотографы Илья Афанасьев өткізеді. Мақсаты — Түркістанның керемет ғимараттары мен тарихи орындарын фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде әлемге таныту. Бұл шараның жастарымызға үйретері көп. Шеберлік сабағында Әлемдегі ең танымал фотографтар. Кімге назар аудару керек? Қандай жанрды түсіру керек? Жарықтандыру бойынша шеберлік сыныбы, Туристік фотография бойынша тақырыптар қамтылады. Студенттер қала бойынша арнайы фото серуендеу кезінде теория мен тәжірибе курсынан өтеді. Үздік фотосуреттердің авторлары жоба серіктестерінің сертификаттары мен арнайы сыйлықтарына ие болады.

Ақпарат орталығы

Напишите свой вопрос

 

×